Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда жаңа оқу жылынан бастап қауіпсіздік сабақтары өтеді

Қазақстанда жаңа оқу жылынан бастап қауіпсіздік сабақтары өтеді

1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымдарында жеке қауіпсіздік сабақтары қайта жүргізіледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлап отыр.

Сабақтардың мақсаты – балаларды өмірлік түрлі жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету және жеке қауіпсіздікке жауапкершілігін арттыру. Бағдарлама балабақшадан бастап колледжге дейінгі барлық білім беру деңгейін қамтиды.

Әр жас ерекшелігіне қарай жеке блок әзірленген:

  • балабақшада – жедел қызмет нөмірлерін білу, ойын алаңдарындағы қауіпсіздік ережелері;
  • бастауыш сыныптарда – суда және мұзда қауіпсіздік, бейтаныс адамдардан қорғану, қаңғыбас иттерден сақтану;
  • орта буында – буллиң мен кибербуллиң, интернеттегі тәуекелдер, жауапкершілікті қалыптастыру;
  • жоғары сыныптар мен колледждерде – қаржылық сауаттылық, алаяқтардан қорғану, еңбек қауіпсіздігі және құқықтық білім.

Сабақтар әр аптада класс сағатында 10 минуттан өткізіледі және жылына үш рет қайталанады.

Министрліктің мәліметінше, тәжірибе көрсеткендей, мұндай сабақтар балалардың мазасыздығын азайтып, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.