Басты бетЖаңалықтарЖаңбыр, жел, найзағай: жұма күні ауа райы қандай болады

Жаңбыр, жел, найзағай: жұма күні ауа райы қандай болады

Жұма күні еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлап отыр.

Астана мен Шымкентте таңертең тұман түседі.

Солтүстік және шығыс облыстарда (Ақмола, СҚО, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, ШҚО, Абай) нөсер жауын, бұршақ, қатты жел күтіледі. Кей өңірлерде өрт қаупі жоғары күйінде қалады.

Батыс пен оңтүстікте (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда) шаңды дауыл, бұршақ пен найзағай байқалуы мүмкін. Әсіресе Маңғыстауда шаңды дауыл, қатты жел күтіліп отыр.

Алматы облысында аптап ыстық 35 градусқа дейін жетеді.