Басты бетЖаңалықтарАлматыда бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі

Алматыда бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі

Алматының Бостандық ауданында кейбір көшелерде уақытша қозғалыс шектеледі. Бұл туралы «Алматы Су» ШЖҚ МКК хабарлап отыр.

Су құбырын ауыстыру жұмыстарына байланысты Мыңбаев көшесінің жекелеген бөліктерінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі:

  • 22 тамыз, сағат 23:00-ден 23 тамыз, 06:00-ге дейін жабылады: Әуезов көшесі – Мыңбаев көшесінің қиылысы, Жароков көшесі – Мыңбаев көшесінің қиылысы;
  • 23–24 тамыз, сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін жабылады: Гагарин даңғылы – Мыңбаев көшесінің қиылысы;
  • 25 тамыз, сағат 09:00-ден 26 тамыз, 06:00-ге дейін шектеледі: Розыбакиев көшесі – Мыңбаев көшесінің қиылысы;
  • 25–28 тамыз аралығында жабылады: Тұрғыт Озал көшесі, Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің арасындағы бөлік.