Басты бетЖаңалықтарApple компаниясының...

Apple компаниясының капиталы 800 млрд доллардан асты

Уолл-стрит сарапшыларының бағалауынша, жыл соңына дейін компания капиталы 1 трлн доллардан асуы мүмкін. MSNBC News материалында Apple бағасы сарапшы Брайаном Уайттың болжамымен сәйкес келе жатқаны жазылды. Оның айтуынша, Apple акциясының бір данасының құны 202 долларға жетеді.

Еске салсақ, 2017 жылдың бірінші тоқсанындағы Apple-дің таза табысы 11 млрд долларды құраған. Ал түсіп 52,9 млрд доллар болды. 2016 жылдың алғашқы тоқсанында бұл көрсеткіш 50,6 млрд долларды көрсеткен. Одан бөлек, компанияның директорлар кеңесі тоқсандық дивиденттер көлемін арттыру туралы ұсынысты қабылдады. Дивидент көлемі 10,5 пайыз немесе бір акциясы 0,63 доллар болды.

Дереккөз7kun.kz