Басты бетЖаңалықтарАстанада пранк жасаған ер адам қамауға алынды

Астанада пранк жасаған ер адам қамауға алынды

Астанада орынсыз пранк жасаған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

Әлеуметтік желіні бақылау барысында полиция қызметкерлері ер адамның қорқынышты костюм киіп, лифт істен шыққандай етіп көрсетіп, қызды әдейі шошытқанын анықтады.

Осы оқиға бойынша 26 жастағы қала тұрғыны полицияға жеткізіліп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды, — делінген хабарламада.

Полиция мұндай «әзілге» жол берілмейтінін еске салып, азаматтарды қоғамдық тәртіп нормаларын сақтап, айналадағы адамдарға құрметпен қарауға шақырды.