2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 260 мыңға жуық адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.
Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.
2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі — АӘК) 48,3 мың отбасындағы 259,7 мың адамға 18,6 миллиард теңге сомасында тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 110,7 миллиард теңге қарастырылған.
Айта кетейік, АӘК-нің негізгі мақсаты — ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.