Басты бетЖаңалықтарАстанада үш көшенің қиылысында жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Астанада үш көшенің қиылысында жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Елордада Қ.Мұнайтпасов көшесі, М.Жұмабаев даңғылы және Абылай хан даңғылының қиылысы жөндеуден өтеді.

Бұл туралы Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлап отыр.

Қ.Мұнайтпасов көшесі, М.Жұмабаев даңғылы және Абылай хан даңғылының қиылысында жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлаймыз. Осыған байланысты аталған учаске 20 тамыз сағат 23:00–ден 21 тамыз сағат 06:00–ге дейін, сонымен қатар 21 тамыз сағат 23:00–ден 22 тамыз сағат 06:00–ге дейін ішінара жабылады. Күндізгі уақытта қозғалыс ашық болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз, — делінген хабарламада.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.