Қазақстанның бірнеше өңірінде ірі көлемде есірткі қылмыстары әшкереленді. Бұл туралы ПД баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Көкшетау-Атбасар-Степногорск бағытында жүрген курьер ұсталып, одан 2,2 килограмм мефедрон тәркіленді. Ол Telegram арқылы ұйымдастырушылармен байланыста болған.
Гаражды тінту кезінде қаптарға салынған есірткі және тіркелмеген қару табылды. Сонымен қатар тұрғын үй ауласында 20 келі каннабис сақтаған күдікті қолға түсті. Ұлттық ұлан сарбаздарының қатысуымен түнгі операция барысында ер адамнан 32 келі жаңа шабылған марихуана алынды. Кинологиялық қызмет итінің көмегімен қарасораның ірі ошағы анықталды. Жалпы салмағы 123 келі есірткі тәркіленді, — делінген хабарламада.
Әуе арқылы жүргізілген бақылау кезінде қарасора өсірілген плантация табылды. Сонымен қатар жеке ауладан 73 түп қарасора анықталды. Жалпы тәркіленген есірткі салмағы 300 келіге жуықтады.
Шаруа қожалығы аумағынан 4,5 гектар жерге егілген қарасора табылды. 332 түп өсімдік пен тұқым салынған қаптамалар тәркіленді.