Басты бетЖаңалықтарРуслан Берденовті атқан Ернар Жиембай 9 жылға сотталды

Руслан Берденовті атқан Ернар Жиембай 9 жылға сотталды

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот үкімі шықты.

Сот әкімнің орынбасары Ернар Жиембайды атқан адамды кінәлі деп тапты. Ол тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке әлдекім оқ атып кеткен еді. Оқиға әкімдік ғимаратының маңында болған. Руслан Берденовке үш рет оқ атқан.

Сотталушы Ернар Жиембайдың әкесі Жиембай Пралиев әлеуметтік желідегі жазбасында жәбірленушінің жарақаттары туралы ресми ақпаратпен келіспейтінін жеткізді.

Руслан Берденов сотта полиграф арқылы жауап беруге дайын екенін айтты.

Прокурор Ернар Жиембайды 11 жылға соттауды сұрады.