Басты бетЖаңалықтарБүгін 6 қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 6 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялап отыр.

2025 жылғы 20 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Жезқазған, Қарағанды, Балқаш, Өскемен, Алматы, түнде Астана қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.