Басты бетPushҮржар ауданында жүргізуші бір топ баланы қағып кетті: 3 бала қаза болып,...

Үржар ауданында жүргізуші бір топ баланы қағып кетті: 3 бала қаза болып, 3 бала жараланды

Не болды?

19 тамыз күні сағат 16:00 шамасында Абай облысы, Үржар ауданы, Бестерек ауылында 55 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай, қақпа алдында ойнап жүрген балаларды қағып кеткен.

Мәлімет

Алдын ала мәлімет бойынша, 55 жастағы жүргізуші жолдан 10 метр қашықтықта қақпа алдында ойнап жүрген кәмелетке толмаған бір топ баланы қағып кеткен.

Екі бала оқиға орнында қаза болды, біреуі ауруханаға барар жолда көз жұмды. Тағы үш жасөспірім түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, — делінген Үржар полициясы хабарламасында.

Жүргізуші ұсталып, Үржар ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Медициналық сараптама оның жол апаты кезінде есірткі мен ішімдік қолданбағанын көрсетті.

20 тамызға қараған түні Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, балаларға медициналық көмек беру үшін қорғаныс министрлігінің С-295 әскери-көлік авиациясының ұшағымен медициналық бригада ұшып барды. Бригада құрамында реаниматолог, нейрохирург және травматолог бар.