Назарбаев университетінің студенті жатақхананың терезесінен құлап кетті. Ақпаратты университет өкілдері растады.
Қайғылы оқиға 15 тамызда болған, бірақ ақпарат 19 тамызда ғана пайда болды. Желі қолданушылары бойжеткеннің 22 жаста екенін, оның 12-қабаттан секіріп кеткенін жазады.
Бейресми дереккөздер өз-өзіне қол жұмсауға жеке қарым-қатынастар себеп болуы мүмкін дейді.
Біздің кампус аумағында болған қайғылы оқиға туралы өкінішпен хабарлаймыз. Университет марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Біз төтенше жағдайлар қызметі мен құқық қорғау органдарын жұмылдырдық. Қазір студенттерге де, қыздың жақындарына да психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Астана полиция департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлап отыр.
Полицейлердің мәліметінше, марқұм 22 жаста және жатақхананың 12-қабатынан құлап, қаза болған. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.