Басты бетЖаңалықтарТоқаев Астанадағы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралады

Тоқаев Астанадағы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралады

Мемлекет басшысы Астанадағы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жедел орталық, қызметкерлердің жұмыс кабинеттері және заманауи талаптарға сай жабдықталған қызметтік бөлмелер таныстырылды.

Президент елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет материалдық-техникалық базамен жарақтандырылған жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстарына оң баға берді.