Қазақстанда теміржол желісінің 57%-ы ескірген. Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев үкімет отырысында мәлімдеп отыр.
Министрдің айтуынша, елімізде теміржолдың жалпы ұзындығы 16 мың шақырым болды. Оның тозуы пойыздардың қозғалыс жылдамдығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етіп отыр.
Инфрақұрылым толық қуатымен жұмыс істеп тұр. Бұл мәселені шешу үшін 2029 жылға дейін 5 мың шақырым жаңа жол салынып, 11 мың шақырым жол жөнделеді, – деді Нұрлан Сауранбаев.
Қазір бес ірі жоба жүзеге асырылып жатыр:
- «Достық – Мойынты»,
- «Алматы айналма теміржолы»,
- «Дарбаза – Мақтаарал»,
- «Мойынты – Қызылжар»,
- «Бақты – Аягөз».
Оның ішінде «Достық – Мойынты» және Алматы айналма теміржолы биыл мерзімінен бұрын аяқталмақ. Ал «Мойынты – Қызылжар» мен «Дарбаза – Мақтаарал» жобалары келесі жылы іске қосылады.