Басты бетPushШерзат Болат ісі: апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды

Шерзат Болат ісі: апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды

Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Шерзат Болаттың өліміне қатысты сотталғандардың жазасы сол күйінде қалды.

Апелляцияның шешімі бүгін, 19 тамыздан бастап заңды күшіне енген.

Биыл 5 маусым күні сот үкімімен 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты тоғыз адам 23 жылдан 1,5 жылға дейін сотталды.

Атап айтқанда:

  • Абзал Шынасыл 23 жылға;
  • Равиль Сакиев 20 жылға;
  • Азамат Тоқтаубаев 15 жылға;
  • Нұрқияс Ілиясов 9 жылға;
  • Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет — әрқайсысы жеті жылға;
  • Думан Ысқақ бір жыл алты айға сотталды.

Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 2025 жылғы 19 тамыздағы қаулысы арқылы үкімді өзгеріссіз қалдырды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 2024 жылғы 3 қазанда түнде 16 жастағы Шерзат Болат төбелес кезінде қаза болды. Іске қатысы бар тоғыз азамат сотталған болатын.