Басты бетЖаңалықтарТұтынушыларға жылу үшін шамамен 1,6 млрд теңге қайтарылады

Тұтынушыларға жылу үшін шамамен 1,6 млрд теңге қайтарылады

Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитеті жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін тарифті қайта есептеу жұмысын аяқтады.

Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қайта есептеу қорытындысы бойынша азаматтарға 1 554,7 миллиард теңгеден астам (ҚҚС есебімен) қайтарылатын болады. Қаражат дербес шоттарда жеке жолмен — 2024-2025 жылдардағы жаңа жылыту маусымында аванс (сальдо) түрінде не 2025 жылдың соңына дейін күнтізбелік жыл ішінде көрсетілетін болады. Қаражатты қайтару еліміздің барлық өңіріне әсер етеді.

Ең көп қаражат қайтарылатын өңірлер:

  • Қарағанды облысы457 млн теңге,
  • Астана — 224,5 млн теңге,
  • Шығыс Қазақстан облысы — 257,2 млн теңге,
  • Маңғыстау облысы — 176,7 млн теңге.

Шымкент пен Ұлытау облыстарында тариф қайта есептелмейді, себебі тариф нақты ауа температурасына сәйкес қалыптастырылған.