Басты бетЖаңалықтарЖамбыл облысының тұрғыны қарызын төлемеу үшін үйін немересіне жазып берген

Жамбыл облысының тұрғыны қарызын төлемеу үшін үйін немересіне жазып берген

Жамбыл облысының тұрғыны үйін немересіне сыйға берген. Алайда бұл ісін мойнындағы қарызын қайтару туралы сот шешімін орындаудан жалтару мақсатында жасалғаны белгілі болды.

Жамбыл аудандық соты үйді сыйға беру туралы шартты жарамсыз деп тану жөніндегі азаматтық істі қарады.

2024 жылы Жамбыл аудандық сотының шешімімен жауапкерден талап қоюшы пайдасына 9,3 миллион теңге қарыз өндіру туралы қаулы шығарылған. Осыған байланысты оның жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне, оның ішінде дау болып отырған тұрғын үйге де шектеу қойылған.

Соттың мәліметінше, қарызды қайтарудан жалтару үшін үйін кәмелетке толмаған немересіне сыйға тарту келісімін жасағанын алға тартқан. Талапкер шартты жарамсыз деп тануды сұраған. Жауапкер болса, берешек ай сайын оның зейнетақысынан ұсталып отырғанын айтып, талапты мойындамаған. Алайда сот сыйға тарту шарты қарызды өндіру туралы сот шешімі шыққаннан кейін ғана жасалғанын анықтады.

Осыған байланысты сот талапкердің талабын қанағаттандырып, үйді сыйға беру туралы шартты жарамсыз деп таныды. Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.