Басты бет Жаңалықтар ЭКСПО кешені дайын болды (Фото)

ЭКСПО кешені дайын болды (Фото)

ЭКСПО кешенінің ашылуына тура бір ай уақыт қалды. 10 тамызда Астанада халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көрмесі өз жұмысын бастайды. Көрме кешенінің құрылысы осыдан үш жыл бұрын басталды.

Осыдан бес жыл бұрын 161 елдің өкілі жасырын дауыс беру арқылы 2017 жылы мамандандырылған көрмені Астанада өткізуді қолдады. Кейіннен кешен орталығында сферасы бар жоба жеңіп шықты. Дәстүрлі түрде құрылыс нысаны көрме символы болып табылады. 1889 жылы ең алғашқы көрмеде Париждегі Эйфель мұнарасы болды, ал 2017 жылы – ұлттық павильонның сферасы болмақ.

ЭКСПО кешеніАстана ЭКСПО-2017″ ҰК” АҚ өкілдерінің айтуынша, осы конструкция күн сәулесінен қуат алып, оны электр қуатына айналдырады. Сфераның үстінде екі желайдағыш генераторлар орнатылады. Павильонның іші мамандандырылған көрме стилінде – футуристтік дизайн болады.

“Бүгінде 20 нысанның 18-і аяқталды. Екі нысанда жұмыс жүріп жатыр – бұлар Конгресс-орталық пен қонақүй”, – деді Ахметжан Есімов.

“Бізге заманауи технологияларды көбірек пайдалану қажет, шет елден келетін көрме қонақтарына көрсетуіміз қажет”, – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

“Астана ЭКСПО-2017″ ҰК” АҚ ақпаратынша,көрмеге 310 мың шетелдік азаматтар келеді. Көрме басталған уақытта министрлік қосымша рейстерді қосуды көздеп отыр. Сондай-ақ Польша, Венгрия, Финляндия және Қытайдан аптасына 11 рейс келіп тұрады.

Түнгі уақытта сфераның түсі өзгереді. Кейінірек, ұйымдастырушылардың уәдесі бойынша, сфераның үстінде жарық шоулар ұйымдастырылады.

Павильондардан бөлек, көрме аумағында ашық аспан астында конгрес-хол мен амфитеатр жұмыс істейді. EXPO-2017 көрмесін белгіленген күні көру үшін 4 мың теңге болады, ал демалыстарда – 6 мың теңге болмақ.

5 пікір

  1. Неге Экспода қазақ ұлты үлкен кішісі және ұл қыздарымыз дәстурлі ұлттық киімдерді киюге жоғарыдан талап қоймады.қазахи ұлттық ким әдемі де мәнді көрінер еді.өз пікірім.

  2. Абыройлы ойдағыдай болып, дос қызыққандай, дұшпан күйінгендей аман-есен сәтті өтсін! Еліміздің абыройы арта берсін!

  3. ЭКСПО-ның сәтті өтуіне тілектеспін, Қазақстан деп келген сырт көзге қазақтай ғажап халық екенімізді сездірте білейік, ағайын!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version