Басты бетЖаңалықтарБерденов сотта полиграф арқылы жауап беруге дайын екенін айтты

Берденов сотта полиграф арқылы жауап беруге дайын екенін айтты

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сот тыңдалымы жалғасып жатыр.

Бүгін өткен сот процесіне жәбірленуші Руслан Берденов онлайн режимде қатысты. Ол өз сөзінде полиграф арқылы да жауап беруге дайын екенін жеткізді.

Руслан Берденовтің айтуынша, айыпталушы Ернар Жиембаймен өмірінде небәрі үш рет кездескен. Екі кездесуі жұмысқа байланысты жиналыстарда болса, үшіншісі – оқ атқан сәт.

Руслан Берденов оған киім үлгісіне байланысты ескерту жасағанын атап өтті.

Этикет сақтамайсыңдар ма? деп бір ескерту жасадым. Себебі, джинсы мен ақ футболкамен келіп тұр. Әкімшілікке, әкімнің орынбасарына есеп беруге келіп тұрсыңдар, киім үлгісіне қарамайсыңдар ма деп ескерту жасадым, — деді ол.

Жәбірленуші екі кездесуде де жанжал болмағанын, куәгерлер барын және әңгімелерді кабинеттердегі техникалық жабдықтар арқылы растауға болатынын мәлімдеп отыр.

Бұл сөзімді полиграф арқылы да дәлелдей аламын, – деді Руслан Берденов.

Еске салайық, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке әлдекім оқ атып кеткен еді. Оқиға әкімдік ғимаратының маңында болған. Руслан Берденовке үш рет оқ атқан.

Сотталушы Ернар Жиембайдың әкесі Жиембай Пралиев әлеуметтік желідегі жазбасында жәбірленушінің жарақаттары туралы ресми ақпаратпен келіспейтінін жеткізді.