Астанада жол жөндеп жүрген жұмысшыларды көлік қағып кетті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлап отыр.
Қайғылы оқиға 18 тамызда түнгі уақытта болды.
«Шкода» маркалы автокөліктің жүргізушісі Қошқарбаев көшесінен Сарайшық көшесіне қарай «Сарайшық» көпірімен келе жатып, жол жөндеу жұмыстарының жүріп жатқанын ескермей, екі жұмысшыны қағып кетті. Салдарынан жұмысшылардың бірі оқиға орнында қайтыс болды, екіншісі ауруханаға жеткізілді, — делінген хабарламада.
Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Көлік құралы арнайы коммуналдық тұраққа қойылды.