Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында ұшақ құлап, екі адам қаза болды

Ақмола облысында ұшақ құлап, екі адам қаза болды

Ақмола облысы аумағында ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

UP-LA 229 жеке жеңіл ұшағының апаты фактісі бойынша Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Апат салдарынан екі адам, ұшқыш пен жолаушы қаза болды, — делінген хабарламада.

Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — делінген хабарламада.