Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында ұшақ құлап, 2 адам қаза болды

Ақмола облысында ұшақ құлап, 2 адам қаза болды

Ақмола облысы аумағында ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

UP-LA 229 жеке жеңіл ұшағының апаты фактісі бойынша Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Апат салдарынан екі адам, ұшқыш пен жолаушы қаза болды, — делінген хабарламада.

Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — делінген хабарламада.