Хромтауда жаңа қуатты қосалқы станция салынды. Ол Хромтау ауданы мен қаласын электрмен жабдықтау сенімділігін екі есе арттырады.
Станцияны салуға ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ қаржы бөлген. Жобаға 12 миллиард теңгеден астам инвестициясы құйылған.
«Хромтау» 220/110/6 кВ қосалқы станциясы электр қуатымен жабдықтауды кеңейту бағдарламасы аясында салынды. Құрылыс барысында жабдықтау мен автоматтандыру және басқарудың заманауи технологиялары қолданылды. Барлық автоматтандыру Siemens фирмасының жабдығында жүзеге асырылды.
Бүгінгі таңда Дөң тау-кен байыту комбинатының негізгі бар қосалқы станциясы барлық ауданды электр қуатымен қамтып тұр. Ал тағы бір желі Әйтеке би мен Ырғыз бағытына тартылады. Жаңа қосалқы станцияның қуаты – 125 мегаватт. Бұл қосымша бірнеше ауданды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Енді Дөң тау-кен байыту комбинатының энергия тұтынуы жоспар бойынша 80 мегаватт рұқсат етілген қуатқа жетуге тиіс.
Дөң тау-кен байыту комбинатының бас энергетигі Павел Коняхиннің айтуынша, электр энергиясын бұрын Кемпірсай станциясынан алған. Ол түгел аудан үшін жалғыз жеткізуші болған.

Жабдықтау кәсіпорынның үш желісі бойынша жүргізілді. Станция жаңартылған соң жаңа электрмен жабдықтау көзі пайда болды. Өлке станциясынан Хромтау станциясына 220 киловольт қосымша желі бар. Енді Кемпірсай желісі өшірілген жағдайда да, біз халықты және өндірісті электр энергиясымен қамтамасыз ете аламыз, — дейді Павел Коняхин.
Дөң тау-кен байыту комбинаты жаңа өндірістік алаңдары іске қосылған соң KEGOС және энергетикалық жүйенің бар қуаты жеткіліксіз болған. Енді бүкіл энергетикалық жүйенің сенімділігін төмендетпестен, сенімді жұмыс істеуіне кедергі келтірмей-ақ қуатты арттыруға болады.
Электр цехының басшысы Ғани Ермановтың айтуынша, жаңа қосалқы станциясына Дөң тау-кен байыту комбинаты электр цехының электромонтерлері тәулік бойы қызмет көрсетеді.
Күрделі жұмыстар үшін бізде білікті инженерлер мен шеберлер бар, — дейді Ғани Ерманов.
Қосалқы станция болашақта «Хромтау» жел электр станциясының (ЖЭС) жобасын дамытуға арналған. Оның құрылысын ERG аяқтап жатыр.
Жоба мақсаты – Дөң тау-кен байыту комбинатының толық көлемде, 84 МВт-қа дейін үздіксіз электрмен жабдықталуын қамтамасыз ету. Оның «KEGOC» АҚ желісіне қосымша 200 МВт-қа дейін (оның ішінде қуаты 150 МВт болатын жел электр станциясы) электр энергиясын беру мүмкіндігі бар.