Елордада қоғамдық көлік қозғалысының сызбаларына уақытша өзгерістер енгізілді. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) компаниясы хабарлап отыр.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, өзгерістер тоғыз бағытта жүретін автобустарға енгізілді:
№10, 12, 21, 29, 29А, 35, 46, 50 және 70.
Қалалық мобильділік басқармасының ақпараты бойынша, қазір Астананың бірнеше магистральды көшесінде жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр. Бұл қоғамдық көлік қозғалысына тікелей ықпал етіп отыр.
Жөндеу аяқталғаннан кейін автобустар бұрынғы бағыттарымен қайта жүретін болады, – делінген хабарламада.
Жолаушыларға ыңғайсыздықты азайту үшін мынадай кеңестер берілді:
- сапарды алдын ала жоспарлау;
- CTS мобильді қосымшасында жаңартылған қозғалыс сызбасын қадағалау;
- балама бағыттарды пайдалану.