Басты бетPushҚазақстанның басым бөлігі жаңбырлы болады

Қазақстанның басым бөлігі жаңбырлы болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2025 жылғы 18 тамызда Қазақстан аумағында қауіпті метеорологиялық құбылыстар күтілетінін жариялады.

Солтүстік-батыс циклоны және сонымен байланысты атмосфералық фронттар елдің барлық аумағына әсер етеді. Көптеген өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Шығыста қатты жаңбыр күтіледі, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.

Тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанып жатыр. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстік пен шығыста түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түседі, — делінген хабарламада.

Алматы облысында, Жетісу облысының батысы мен оңтүстік-шығысында, Атырау облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Қызылорда облысының орталығында, Жамбыл облысының оңтүстігі мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, сонымен қатар Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Төтенше өрт қаупі Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Алматы облысының батысы, солтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының солтүстігі, батысы мен шығысында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында, сонымен бірге Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау және Абай облыстарының оңтүстігінде күтіледі.