Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай премьер-министр Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Бұл күн үнді халқының мызғымас рухы мен мемлекеттік құрылыс, экономикалық даму және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолындағы тамаша жетістіктерін көрсетеді, — деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынас сипатын оң бағалап, екі елдің стратегиялық серіктестігі алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.