Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрлігінде бірқатар тағайындау жүргізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
- Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
- Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасының қарулы күштері әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.