Басты бетЖаңалықтарAir Astana ұшағы құсқа соғылып, рейс уақыты өзгерді

Air Astana ұшағы құсқа соғылып, рейс уақыты өзгерді

Алматыдан Астанаға ұшатын Air Astana рейсі уақытында орындалмады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Әуе кемесіне құс кедергі болған.

14 тамызда орындалуға тиіс КС 621 Алматы-Астана рейсі кешігіп жатыр, себебі КС 622 Астана-Алматы рейсін орындаған ұшаққа құс соғылған, — делінген хабарламада.

Ұшақ Алматыдан Астанаға 9:20-да ұшу керек болған. Рейс уақыты 11:45-ке ауыстырылды.

Жолаушылар жағдайдан хабардар, толық ақпараттандырылды, — делінген хабарламада.