Басты бетЖаңалықтарҚызылордада балалар спортына бөлінген қаржы жымқырылды

Қызылордада балалар спортына бөлінген қаржы жымқырылды

Қызылордада «Даму бала» платформасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлерден 88 миллиоин теңгеден астам қаражатты жымқыру дерегі бойынша сот үкімі шығарылды.

Қылмыстық істі Қызылорда облысы бойынша қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті жүргізді.

Тергеу барысында анықталғандай, мониторингтік топтың бір мүшесі қызметтік өкілеттігін пайдаланып, сыбайласымен бірге кәсіпкерлерді тексеріс нәтижесін «оң шешіп береміз» деген желеумен ақша бопсалаған. Айыпталушылар кәсіпкерлерден алған 88 миллион теңгеден астам қаржының бір бөлігін коттедж және автокөлік сатып алуға жұмсаған. Сот шешімімен бұл мүлікке тыйым салынды.

Сот басты айыпталушыны кінәлі деп танып, алты жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасын тағайындады. Сыбайласы бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Бұл үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.