Шымкентте кәсіпкер Руслан Берденовке жасалған қастандыққа байланысты қылмыстық іс бойынша сот тыңдалымы жалғасып жатыр.
Сотталушы Ернар Жиембайдың әкесі Жиембай Пралиев әлеуметтік желідегі жазбасында жәбірленушінің жарақаттары туралы ресми ақпаратпен келіспейтінін жеткізді.
Оның айтуынша, ресми мәліметтерде Руслан Берденовке бес оқ атылғаны айтылғанымен, тергеу хаттамасында жәбірленушінің денесінен тек үш бытыра табылған. Ол сонымен қатар ауруханаға түскен сәттегі видеода жамбасынан жоғары ешқандай жарақат болмағанын айтты.
Сотталушының әкесі «60 бытыра» туралы деректер алғашқы бейнежазбамен сәйкес келмейді деп санайды.
Оның сөзіне қарағанда, Руслан Берденовке оқ атылғаннан кейін ол түрегеп тұрып сөйлескен және 1 тамызда Шымкент әкімдігіне барған. Бұл жәбірленушінің жарақаты өзі айтқаннан жеңілірек екенін дәлелдейді деп отыр.
Руслан Берденов ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр.
Еске салайық, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке әлдекім оқ атып кеткен еді. Оқиға әкімдік ғимаратының маңында болған. Руслан Берденовке үш рет оқ атқан.