Басты бетЖаңалықтар14 тамызда Алматыда Alternativa Film Days ашылады

14 тамызда Алматыда Alternativa Film Days ашылады

14 тамызда Алматыдағы АRТиШОК театрында Alternativa Film Days екінші маусымы басталады.

Іс-шара Alternativa Film Festival 2024 жеңімпазы — үндістандық «Қанаты бөлек құс» фильмінің көрсетілімімен ашылады. Сеанстан кейін балаларды буллиңнен қорғау және қабылдау мәдениетін қалыптастыру тақырыбында пікірталас өтеді.

14–21 тамыз аралығында АRТиШОК пен Almaty Creative Hub алаңдарында Азия мен Латын Америкасынан 27 фильм көрсетіледі. Бағдарламада Қазақстан («Мәдина», Айжан Қасымбек) мен Қырғызстан («Сый», Дальмира Тилепберген) туындылары, Alternativa кинолабораторияларының жобалары және Мексика мен Колумбия фильмдері бар.

Көрсетілімдерден кейін әйел құқығы, балалардың амандығы, сөз еркіндігі, экология және психологиялық саулық сияқты тақырыптарда сарапшылар қатысатын пікірталастар өтеді. Барлық іс-шараға кіру тегін, тек алдын ала тіркелу қажет.