Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шілде айында ең көп сұранысқа ие болған мамандықтардың тізімін жариялады.
Нақты мамандықтардың ішінде жұмыс берушілер арасында ең көп сұранысқа ие болғандар:
- мейіргерлер (2,2 мың бос жұмыс орны),
- тәрбиешілер (1,9 мың),
- автокөлік жүргізушілері (1,8 мың).
Шілде айында түйіндемелердің саны барлық аймақта артты. Бұл ретте жұмыс іздеушілердің белсенділігі бірінші кезекте Шымкентте (+54%, 19,6 мың түйіндеме), Қызылорда (+46%, 9,3 мыңға дейін) және Атырау (+38%, 10,4 мыңға дейін) облыстарында айтарлықтай өсті.
Ең жоғары жалақыны мына мамандар сұраған:
- ұшқыш (орта есеппен 1,8 миллион теңгеден),
- сынақ және жабдықты реттеу бөлімінің бастығы (1,5 миллион теңге),
- IT саласындағы техникалық директор (1,4 миллион теңге).
Ал нақты сектор ұсынатын ең жоғары жалақы төленетін ашық лауазымдар:
- тау-кен өнеркәсібіндегі учаске басшысының орынбасары (756 мың теңгеден),
- учаске басшысы (747 мың теңге),
- бас құрылысшы (668 мың теңге).
Шілдеде жұмыс берушілер «Enbek.kz» электронды еңбек биржасында 104,8 мың бос жұмыс орнын орналастырды, бұл маусыммен салыстырғанда 4,6 мыңға (4%) аз. Сонымен қатар бір айда өтініш бергендердің саны 38 мыңға (34%) артты – 147,8 мың түйіндеме жарияланды.