Басты бет Жаңалықтар Серік Сыдықов сенат аппаратының жаңа басшысы болып тағайындалды

Серік Сыдықов сенат аппаратының жаңа басшысы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Сенат аппаратының басшысы қызметіне Серік Сіләмжанұлы Сыдықов тағайындалды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Серік Сыдықов 1982 жылы туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетн бітірген. Қазақстан Республикасының парламентінде 1995 жылдан жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында консультант, құықтық сараптама бөлімінің сектор меңгерушісі, сараптама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

«Құрмет» орденімен, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version