Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда Starlink интернет қызметі ресми түрде іске қосылды

Қазақстанда Starlink интернет қызметі ресми түрде іске қосылды

13 тамыздан бастап Starlink компаниясы Қазақстан аумағында ресми түрде спутниктік интернет қызметін ұсына бастады.

Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлап отыр.

Министрліктің мәліметінше, енді еліміздің тұрғындары SpaceX компаниясына тиесілі төмен орбиталық спутниктер желісі арқылы жоғары жылдамдықты және сенімді интернетке қосыла алады.

Еске салайық, 2025 жылғы 12 маусымда ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы қызмет көрсету кезінде Қазақстан заңнамасын сақтауды міндеттейтін келісімге қол қойған болатын.