Бұл туралы Ұлттық кітапхананың Фейсбуктегі ресми парақшасында жария етілді.
«Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі саясаттанушы Айдос Сарымды Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына директордың кеңесшісі қызметіне тағайындады. Еліміздің патриотына шығармашылық табыс тілеп, əріптес атанғанымызды жеткіземіз. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Ұлттың руханияты — Ұлттық кітапхананың рухани құндылықтарынан ақпарат алып, жаңа жобалар мен мақсаттарға қанығып, әруақытта ел игілігіне жасалатын шараларымыз бен жобаларымызға қолдау көрсететінін жеткізіп кетті», — делінген хабарламада.