Басты бетЖаңалықтарЖезқазғанда әкімдік қызметкері мен қызы үйінде өлі табылды

Жезқазғанда әкімдік қызметкері мен қызы үйінде өлі табылды

Жезқазғанда 1966 жылы туған әйел мен оның кәмелетке толмаған қызын базбіреулер асқан айуандықпен өлтіріп кетті.

Бұл туралы Almaty.tv хабарлап отыр.

Аймақты дүр сілкіндірген қылмыс осыдан бірнеше күн бұрын болыпты. Бұған дейін қалалық әкімдікте есепші қызметін атқарған келіншекті қылмыскер мойын тұсынан жеті рет пышақтаған.

Ал Астанадағы халықаралық колледжде 2 курс оқитын қыздың денесі жатын бөлмеден табылды. Оның да мойнында зорлық белгілері бар. Демек, бойжеткен сыммен қылқындырылуы мүмкін. Қылмыс марқұмдардың пәтерінде болған. Қазір адамшошырлық дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер осы қылмысты жасады деген күдіктіні ұстады. Ол жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады, – деді полиция департаменті бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында болады.