Республика бойынша жел күшеюі, түнде және таңертең солтүстігінде тұман, күндіз елдің оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Солтүстік-батыс циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен елдің батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Қазақстанның солтүстік–батысында, солтүстігінде бұршақ жауады, сонымен қатар дауылды жел тұрып, жаңбыр құяды. Республиканың оңтүстігінде антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, — делінген хабарламада.
Бұдан бөлек күндіз Алматы, Жамбыл, Жетісу облыстарында 35-38 градус қатты ыстық болады күтіледі. Ал күндіз Алматы облысының батысында, орталығында, Жетісу облысының оңтүстігінде 40-41 градус қатты ыстық болады.
Батыс Қазақстан облысында, Атырау облысының солтүстігінде, батысында, Ақтөбе облысының шығысында, батысында, Қызылорда облысының орталығында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, Ұлытау облысының орталығында, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, , Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, орталығында, Алматы облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Түркістан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау, Абай облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында төтенше өрт қаупі бар.