Бөгде адамның теміржол бойына кенеттен шыға келуіне байланысты машинист шұғыл тежеуді қолданған. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлап отыр.
6 тамызда сағат 19-52-де Қарабұлақ—Тентек аралығында машинист бөгде адамның теміржолға кенеттен шыға келуіне байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Қашықтықтың қысқалығынан басудың алдын алу мүмкін болмады, — делінген хабарламада.
ҚТЖ азаматтарды өте мұқият болуға және теміржолдардың жанында болу ережелерін сақтауға шақырады.
Рұқсат етілмеген жерлерде жолдарды кесіп өту қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін еске саламыз, — делінген хабарламада.