Басты бетЖаңалықтарАлматыда Орталық Азиядағы тұңғыш индустриялық сериалдар фестивалі өтеді

Алматыда Орталық Азиядағы тұңғыш индустриялық сериалдар фестивалі өтеді

2025 жылғы 23-26 қыркүйек аралығында Алматыда Орталық Азиядағы тұңғыш индустриялық сериалдар фестивалі Almaty Series Festival өтеді. 

Almaty Series Festival Орталық Азиядан шыққан режиссерларды, сценаристерді, продюсерларды, сонымен қатар барлық ірі OTT-сервис, стримиң платформа мен онлайн-кинотеатр өкілдерін біріктіреді.

Біздегі сериал индустриясы дамып келеді, әрі көрерменнің де таңдауы артып жатыр, —  деп атап өтті фестивальдің бағдарлама бойынша директоры әрі Қазақстан киносыншылар қауымдастығына мүше Әлем Дәулетқұлов.  

Фестиваль идеясы бізде нағыз сериалдар революциясы жүріп жатыр деген ойдан туған. 2025 жылы Қазақстанда үш жаңа стримиң сервисі іске қосылды, оның екеуі төл контентін жасайтынын хабарлады. Көрермен енді сериалдарды кем дегенде үш ресми платформадан көреді, оған қоса, пират сайттардан да қарауды жалғастыра береді.  Сұраныстың артқаны көрінеді, оны елемеу мүмкін емес, — дейді Almaty Series Festival жобасын құрушы әрі продюсері Әнуар Кенжебаев.

Фестивальға Орталық Азия авторларынан 67 өтінім келіп түсті, бұл өңірлік контентке деген ерекше назарды көрсетеді. 

Биыл бағдарламаға мына нәрселер кіреді:

  • байқау бағдарламалары: Орталық Азия бойынша сериалдар байқауы; Тәуелсіз пилоттық эпизодтар бойынша ұлттық байқау;
  • индустриалық блок — шеберлік сабақтар, лекциялар, панельдік сессиялар;
  • Орталық Азияда алғаш рет, Алматыда француздың Series Mania фестивалінің Serial Bridges воркшопы өтеді (Institut Français және Kazakh Festival Hub қолдауымен). Бұл бағдарлама жыл сайын Рио-де-Жанейро мен Ыстамбұл қалаларында сәтті өткізіліп келеді.

Фестивальді ұйымдастырушы – 2016 жылдан бері елдегі бірқатар маңызды кино бастамаларының, атап айтқанда, Baiqonyr халықаралық дебюттік және қысқаметражды кино фестивалі мен «Алматы кинотанушылар мен киносыншылар форумы» сияқты жобалардың артында тұрған Kazakh Festival Hub командасы.