Басты бетЖаңалықтар12 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

12 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 12 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялап отыр.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының көп бөлігінде антицилон жотасының әсерінен күн жауын-шашынды болады. Тек еліміздің батыс, солтүстік-батыс, солтүстік бөліктерінде ғана атмосфералық ағындардың өтуімен байланысты күн найзағайлы және жаңбырлы болады, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең солтүстікте, орталықта тұман түседі, күндіз елдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Түркістан облысында 40 градус, Алматы, Жамбыл, Жетісу облыстарында 35-39 градус ыстық болады.

Күндіз Алматы облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Батыс Қазақстан обылсында, Атырау облысының солтүстігінде, батысында, Ақтөбе облысының батысында, шығысында, Қызылорда облысының солтүстік жартысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, орталығында, Алматы облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түркістан облысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының оңтүстік бөлігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау, Абай облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.