Басты бет Жаңалықтар Тоқаев алғашқы АЭС-ның атауы үшін халық арасында байқау жариялауды ұсынды

Тоқаев алғашқы АЭС-ның атауы үшін халық арасында байқау жариялауды ұсынды

Фото: Gov.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде салынатын алғашқы атом электр стансасының атауына халық арасында байқау жариялауды ұсынды.

Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

«Росатом» компаниясымен бірге салынатын алғашқы атом электр стансасы стратегиялық маңызға ие. Бірер күн бұрын оның құрылысы ресми түрде басталды. АЭС энергетика нысаны ғана емес, ғылыми-техникалық прогрестің жарқын символы болуға тиіс. Әзірге оның атауы жоқ. Бұл еліміздегі тұңғыш станса болғандықтан, халық арасында үздік атау жөнінде байқау жариялауға болады деп санаймын. Осы сайысқа қатысып, шығармашылық қарымдарыңызды көрсетуге шақырамын. Бәлкім, шешім қабылдаған кезде сіздердің де ұсыныстарыңызға сүйенерміз, – деді президент бүгін Ақордада халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесуде.

Exit mobile version