Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр үкімет брифиңінде мәлімдеді.
Үшінші атом электр станциясын да Қытай салады. Қазір Атом энергиясы агенттігі мен «Электр атом электр станциялары» ЖШС-дағы әріптестеріміз АЭС салатын орындарыды зерттеп жүр. Станцияның жанында тұрақты су болуы керек, — деді Роман Скляр.
Биыл жауапты органдар кейінгі екі АЭС қайда салынатынын жариялайды.
Естеріңізге салайық, алғашқы АЭС-ны «Росатом» Алматы облысындағы Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылында салады. Ал екінші АЭС-ны Қытай ұлттық ядролық корпорациясы салмақ. Мамандар құрылыс нысаны болуы мүмкін деп Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласын айтып отыр.