Басты бетЖаңалықтарАбай күні: мерекелік концертте 15-тен аса бала жоғалған

Абай күні: мерекелік концертте 15-тен аса бала жоғалған

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған мерекелік концертте 15-тен аса бала жоғалған. Бұл туралы Абай облысының ПД хабарлап отыр.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, адамдар көп шоғырланған жағдайда полиция қызметкерлері қызмет атқарудың күшейтілген режиміне көшті. Ерекше назар кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне аударылды.

Бір ғана кештің ішінде 15-тен астам бала жоғалу дерегі тіркелді. Олардың барлығы дер кезінде табылып, ата-аналарына аман-есен тапсырылды. Балаларды жедел іздестіру мақсатында полиция қызметкерлері оқиға орнынан тікелей эфирге шығып, олардың бейнелері концерт сахнасының үлкен экранында көрсетілді. Бұл ата-аналарға балаларын бірден танып, оларға жетуіне мүмкіндік берді, — делінген облыстық ПД таратқан ақпаратта.

Патрульдік полиция батальоны мерекелік іс-шара өтетін орынға кіреберіс жолдардағы жағдайды бақылап, автокөліктердің ретсіз қозғалысына жол бермей, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр.