Басты бетЖаңалықтарМагнитудасы 6,1: Түркияда тағы жер сілкінді

Магнитудасы 6,1: Түркияда тағы жер сілкінді

Түркияның Балыкесир провинциясында 6,1 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Түркияның төтенше жағдайлар басқармасы хабарлап отыр.

АЗЕРТАДЖ агенттігі басқармасының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Балыкесир қаласына қарасты Сындыргы ауданында орналасқан.

Жер асты дүмпуі жергілікті уақытпен 19:53-те болған және ол елдің Мәрмәр және Эгей өңірлеріндегі бірнеше провинцияда, соның ішінде Ыстамбұл қаласында да сезілген. Түркияның батысында болған жер сілкінісі салдарынан шамамен 10 үй қирады. Қазіргі уақытта қаза болғандар туралы ақпарат түскен жоқ, — делінген хабарламада.

Түркия ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қираған үйлердің бірінің астынан төрт адам аман-есен құтқарылған. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.