Поп музыка королінің досына жазған 13 хатында да біреулердің оны өлтіргісі келіп жүргені жазылған. «Мен өз өмірім үшін қорқамын» деп жазған Майкл Джексон.
Якобшаген айтуынша, Джексон оған хабарласып, Лондондағы концертінде жанында болуын сұраған.
«Ол эмоционалдық дағдарыста болды. «Олар мені өлтірмекші»,-деді»,- деп айтты Якобшаген.
Бірақ әншінің досы оны кімдер өлтірмек болғанын білмейді. Болжам бойынша, бұған әншінің Лондондағы концертін ұйымдастырушылардың қатысы болуы мүмкін.
Бұған дейін Майкл Джексонның қызы Париж бен әпкесі Ла Тойя Майклдың 2009 жылы 50 жасында қасақана өлтірілгенін хабарлаған еді.