Басты бетЖаңалықтарТоқаев Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамытудың, бірлескен экономикалық жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Владимир Путин таяуда Мәскеуде АҚШ президентінің арнаулы өкілімен болған әңгіменің негізгі нәтижелері жөнінде мәлімет берді.

Алдағы жоғары деңгейде өтетін екіжақты форматтағы, сонымен қатар халықаралық іс-шаралар аясындағы кездесулер кестесі қарастырылды.