Басты бетЖаңалықтарАлматыдан 35 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыдан 35 шақырым жерде жер сілкінді

Сейсмологтар Алматыдан 35 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, 7 тамыз күні сағат 19:03-те (Астана уақытымен) магнитудасы 3,1 жер асты дүмпулері тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматының оңтүстігіне қарай 35 шақырым жерде орналасқан.

Айта кетерлігі, Қырғызстандағы елді мекендерде бұл дүмпулер сезілмеген.