Басты бетЖаңалықтарСалық берешегінің шекті сомасы бекітіледі

Салық берешегінің шекті сомасы бекітіледі

Қазақстанда салық берешегінің шекті сомасын бекітеді. Егер салық берешегі бұл көрсеткіштен көп болса, салық органдары оларды мәжбүрлеп өндіріп алуға кіріседі.

Бұл туралы қаржы министрлігі сәйкес бұйрық жобасын дайындады. Құжат таяуда қабылданған Салық кодексіне негізделіп отыр.

Егер қарыз аз болса, онда тек хабарлама жіберіліп, айыппұл салынады. Кодексте салық берешегінің ең жоғары мөлшері 20 АЕК – 78 640 теңге болды. Демек, салық берешегі осы сомадан көп болса, онда ол өндіріледі.