Басты бетЖаңалықтарТеміржол өткелінде жүк көлігі тепловозбен соғысты

Теміржол өткелінде жүк көлігі тепловозбен соғысты

«Қызылсай-Шымкент» өткелінде HOWO жүк көлігі маневрлік тепловозбен соқтығысты. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы хабарлап отыр.

Оқиға 8 тамыз күні сағат 04:30-да Қызылсай-Шымкент учаскесіндегі күзетілетін теміржол өткелінде болып, пойыздар қозғалысының кестесіне әсер етті.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзып, келе жатқан пойыздың алдынан өткелге шығып кеткен. Зардап шеккендер жоқ, жүргізуші ауруханаға жеткізілді, — делінген хабарламада.

Апат үш жолаушылар пойызының қозғалысын уақытша тоқтатты. Сағат 07:18-де учаскедегі қозғалыс толығымен қалпына келтірілді.