Басты бетЖаңалықтарӘлеуметтік желілерде Ұлы ақын Абайдың мерейтойына орай челлендж бастау алды

Әлеуметтік желілерде Ұлы ақын Абайдың мерейтойына орай челлендж бастау алды

2025 жылғы 7–10 тамыз аралығындаАлматы қаласында ұлы қазақ ақыны, ойшылыжәне ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған онлайн-челлендж өтуде. Бұл бастама Абайдың әдебижәне философиялық мұрасын кең аудиторияғанасихаттауға бағытталған.

Челлендждің мақсатықазақстандықтарды маңызды датаменқұттықтап, ақын шығармаларында көріністапқан рухани құндылықтарды қайтазерделеуге және оларды кеңінен таратуғашабыт беру.

Онлайн-челленджге қазірдің өзіндекөптеген адамдар қосылды. Олардыңқатарында мәдениет, спорт, ғылым, білім беру, жастар ұйымдары, саяси партиялар өкілдері, Мәжіліс депутаттары, Қазақстан халқыАссамблеясының мүшелері, сондай-ақ өнер, медиа және қоғам қайраткерлері бар. Атапайтқанда: Өктем Алтаев, Асхат Тарғын, Жұбаныш Жексенұлы, Мақсат Базарбаев, Саят Нұрғазин, Дәурен Байбөрі, Марта Төлепберген, Гусман Кыргызбаев және тағы басқалар.

Мәселен, Қазақстандық дзюдошы, 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының қолажүлдегері Гусман Кыргызбаев өзвидеоқұттықтауында Абайдың «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» атты өлеңінен үзіндіоқыды.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы ЖұбанышЖексенұлы Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» атты шығармасын орындап, эстафетаны танымал әнші МақсатБазарбаевқа жолдады. Өз кезегінде ол«Көзімнің қарасы» әнінен үзінді орындады.

Челлендж кеңінен таралып, үлкен мәдениқозғалысқа айналуда. Бұл қозғалысқазақстандықтарды Абай ұстанғанбілімгеұмтылу, әділдік, адамгершілік және өзін-өзідамыту сияқты мәңгілік құндылықтартөңірегінде біріктіруде.

Кез келген адам Абайдың өлеңдерінен, «Қара сөздерінен» немесе басқашығармаларынан үзінді оқып, қысқавидеоқұттықтау жаза алады. Бейнероликсоңында қатысушылар челленджді достарына, әріптестеріне, таныстарына жәнежазылушыларына жолдап, оларды акцияғақосылуға шақырады.

Дайын видеолар TikTok, Instagram, Facebook және Threads әлеуметтік желілерінде#Абай180жыл және #Abai180 хештегтеріменжарияланады.